Posted in

БИЗАР БОЛДЫ (ҚЫЛДЫ)

Біреудің діңкесін құртып, титықтатты; жұртқа жексұрын болды. ~ “Жаман атқа жал бітсе, жанына торсық байлатпас” деп, әдірам қалғыр, Күрең жұрт өзінен бизар болып еді, кешегі жылдар, енді мына жаман боқмұрыннан көрдік пе көресіні…— деп түтігіп түсі қарауытып кетті. С.Елу. ~ Ақылы кіре бастағасын- ақ қой соңында салпақтаудан қашқалақтай бастаған. Әр жерде ұйықтап қалып, қойдың бөлініп кеткенін білмей, бөріге талатып, елді бизар қылды. Ү.Жәл.~ “Жаман атқа жал бітсе, жанына торсық байлатпас” деп, әдірам қалғыр, Күрең жұрт өзінен бизар болып еді, кешегі жылдар, енді мына жаман боқмұрыннан көрдік пе көресіні…— деп түтігіп түсі қарауытып кетті. С.Ел. ~ Қаланың сасық иесінен, дәретханасынан кешеден бері әбден бизар зәрезап болған Хансұлуға мынау станса тар қапас дозақ тура. С.Ел.