Posted in

БИІК ТҰҒЫР

Жоғары лауазым, биік дәреже. ~ Әдетте биік тұғырдағы адам көзге де, сөзге де бұрын ілігеді. Билік тұғырындағы кісі жұрттың бәріне бірдей жаға беруге тиіс емес. Жұрттың бәріне жағамын деп жалпақтай берген адамнан жартымды басшы шықпайды. С.Ақт. ~ Сонау Жиренше шешеннен тартып, бүгінгі даналық сөз тудырудың биік тұғырынан көрініп отырған дарынды ақын Мырза-Әлі Қадырға дейінгі зерделі ұрпақтың баршасын бір мақала көлемінде қамтып айту, әрине, мүмкін емес. Ә.Қайд. ~ Ол құдды ақ жүрек ауылдастарымыз сияқты әулетіміз тарихына еркін еніп, өзінің биік тұғырын берік орнатып, сол арқылы отбасылық шежіремізге шын мәнінде елеулі сәуле түсірген адам. М.Юнь.