Posted in

БИТІН САЛДЫ

Әлдебір іске бар ықыласымен, жан-тәнімен беріле кірісті. ~ Манадан бері салқындау
отырған, Доға мен Балташтар да Тыпаң мен Жорғабектердің қалжыңына құлақ қойып, кейде
олармен бірге күлісіп те жіберді. Ықаң көбінесе араққа дендеді. Ет жағына келгенде Доға мен
Тыпаң «битін» салды. Ж.Айм. ~ Аяқ жетер жерге шейін жүріп, жан бағатын жер қарайды.
Қайда болса да мынау битін сығып, қанын жалап отырған жерден аулағырақ жер тауып,
тағы да еңбексіз бақытын сынайды. Бәл­кім еңбексіз бақыт табыларда… І.Жанс.. ~ Дастархан
жайып, жұмсақ еттен салма пiсiрiп қойып едi, ас үйде, кең үстелде битiн сала ас iштi. Ш.Құм.
~ Бескемпірдің жаны ашиын деді. Біреудің тегін асына битін салатын байғұс өз дүниесі
қалып бара жатқан соң қырлы стаканның қыртысына дейін жалап-жұқтап, ақыры аузы-басы
қисайып сол үйдің есік көзіндегі кушеткасына тоңқая салған. Қ.Ысқ. ~ Енді олар
Әбілқайырдың жер түбіндегі орыстан қолдау іздеп, қазақ алдындағы беделін күрт
төмендетіп алған мынандай ұрымтал тұсында Қайып баласының асығын алшысынан
түсіруге биттерін салып бақты. Ә.Кек.