Posted in

БИТКЕ ӨКПЕЛЕП, ТОНЫН ОТҚА ТАСТАДЫ (ЛАҚТЫРДЫ)

Жоқтан өзгеге маңыз беріп, сазға отырып қалды. ~ Олар білмеді екен деп битке өкпелеп тонымызды отқа тастайтын жайымыз тағы жоқ. Ж.Шәк. ~ Ел түйелерін қомдап, үйлерін жығып, көшкелі жат–қан–ды. Битке өкпелеп тонын отқа салған Тасболатқа ашуланған Бұқар жырау аттан түспей, жанындағы серіктерімен батырдың үйінің сыртынан кеп, кәрі домбырасын қағып–қағып жіберіп, айқайға басып еді. І.Ес. ~ Тас қараңғы. Шарбақтағы екі жүз қойдың жап–жасыл төрт жүз көзінен басқа жылт жоқ. Сырттан да жоқ. Сырттан тұрмақ сайтан да жоқ. Ит адамға ес деуші еді. Бұл да өтірік боп шықты. Дұрысы — ит тойған жеріне. Битке өкпелеп тонын отқа лақтыратын қазақ итке неге өкпелемесін!.. Қ.Ысқ.