Posted in

БІР АЙНАЛУҒА КЕЛМЕСТЕН (КЕЛМЕЙ)

Әне-міне дегенше; сөйткенше болмай, көп уақыт өтпей-ақ. ~ Ескі дұшпаны, сырқынды бандымен шаппа-шап алыса түсті. Бірақ бір айналуға келместен-ақ жау бұраң етіп Бекболдың астына барып бұрқ ете түсті. Бекбол өзі әлі оншалық жыға қоярлық қимылды істемеген сияқты еді. М.Әу. ~ Бір рет қоярда қоймай сені де сүйрелеп ортаға алып шығып еді, бірақ бір айналуға келмей “ой… ой, аяғымды бастың”– деп, сені итеріп жіберді де, Қозы Қарынның құшағына қайта кірді. Ә.Нұрп. ~ Ауылда асық ойнап, жалаң аяқ шапқылап жүргені, интернатта оқығаны күні кеше сияқты. Енді содан бір айналуға келмей мінекей майданға кетіп барады. Т.Ахт.