а) Ерекше, бөлек. ~ Бұл сауық көрінісін салдар әр қашан көркем киімдермен, не ешкімге белгісіз бір алуан киімдермен, ат тұрманын алтын күміспен, топтаған моншақ, мыспен таусылмайтын сұлу өрнекті әдемі жібектер мен елді толықсытып жүретін. Бұлар әсіресе Бәйтен салда, Ниязда, Сегіз серіде, Біржанда орасан көп. Ә.Мар. ~ Үй іші Сандықбайды мазақ етіп күле бастап еді… Базар өзі бүл тұста күлген жоқ. Бір алуан өмір қиялын ойлауда екен: — Жасым отыз беске келгенше кісі есігінде жалшы боп, қыз айтқызып, қалың төлеп ала алмай, жар қызығын, бала қызығын да кеш көріп ем… М.Әу.
ә) Біршама. ~ Көршілес колхоздар, фермалар, Базарға көңілдес ағайын, жақындар бір алуан. Өзгеше топ-топ болып аудан қызметкерлері, мектеп жұртшылығы, барлық аудан активі келіп жатыр. М.Әу.
