Түк құны жоқ, арзан, болымсыз. ~ Соңғы кезде Қуан аты ыстық ілтипатпен ауызға Айжан арқылы түсетін, құрдастары: Өзін қойшы соның, бір атым насыбайға татымайтын. Қуанға ақша берсең жақсысың»,— деп әжуалайтын. М.Сүн. ~ Тапқан еңбеккүніме не төлейтінін бір жыл күтетінмін! Сондағы төлейтіндері – бір атым насыбайға да тұрмайды. В.Шук. ~ Өзінің ақымақтығынан, көзсіз есерлігінен, бір атым насыбайға да тұрмайтын нәрсе үшін опат болған кісі артына ақымақтықты, бейбастақтық пен көзсіз есерлікті тастап кетеді. В.Рас.
