Әбден қартайған, өлер күні жақын. * Біздің де жеткен жеріміз осы… бір аяғымыз жерде, бір аяғымыз көрде дегендей. Д.Досж. ~ Екіншіден, бір аяғы жерде, бір аяғы көрде тұрған ана автолавщик ит те болса, адам баласы. Мақалаңыз онсыз да екі дүниенің арасында халсіреп жатқан ауруды мүрдем кетірмей ме. М.Қаб. ~ Е-е, Нұртаза-ай Нұрмағанбет алжушы ма еді. Ол түгілі бір аяғы жерде, бір аяғы көрде отырып мына Мәтекең де тіріге есесін жібермес. С.Жүн.
