Көзді ашып-жұмғанша өтіп кететін аз ғана мерзім, адамның ғұмыры. ~ Алды үміт, арты өкініш алдамшы өмір, Желігін жерге тықпас кісің бар ма?! Дәмі қайтпас, бұзылмас тәтті бар ма? Бір бес күннің орны жоқ аптығарға. Қай қызығы татиды қу өмірдің Татуды араз, жақынды жат қыларға? Абай. ~ Ешбір қызық, желік дегенге сәл бой жазып беріле алмаймын. Ар жағымда, бір бес күнде мені жұтқалы не бір зындан, не бір меңіреу дүние тұрған сияқты болады. Жылан арбаған торғайдай қанат кағып тұрып, сол азынаған зынданның қараңғы аузына құлап түсетіндеймін. Б.Тоғ.
