Әр адамның өзіндік ерекшелігі болады, бес саусақ бірдей емес д.м. мәтел. ~ Ал Жәнәділде бұл жігердің бірі де жоқ. Бір биеден ала да, құла да туады деген міне осы. Аға сұлтан екі баласын да жек көреді. Өз қолымен ажалға айдап салуға бар, бірақ төркіндері мықты, адуынды әйелдерінен ғана именіп жүр… І.Ес. * Зейнел– Нәби қиялданып кетті. Бес саусақ бірдей емес. Бір биеден ала да, құла да туады. Мынау Назарқұл ағасы Ноғайқұлдың көлеңкесінде күн көріп жүр. Сөйте тұра оны жалпақ жұрт сыйлайды. «Мата даңқымен бөз етеді» деген осы. Т.Әл.
