Posted in

БІР ДЕМ БЕРІ, БІР ДЕМ АРЫ

Әрі-сәрі, не олай емес, не бұлай емес. * Дала сағымының сары бояуын көзіне сіңірді; бір дем ары, бір дем бері уілдеп үзілмейтін жел уілін түсінетін халге жетті. Д.Дос. * Шайтан сыбырлағаны емей немене. Бір дем ары, бір дем бері балқып бара жатқан ұрғашыға тосын сөз, оғаш сауал қоюға болмайтынын біледі… біле тұрып шайтанның азғыруына ілесіп ағат сөйледі. Д.Дос. * Жалғыз ұлынан айрылып қайғыдан қан жұтқан шерлі кейуана не демейді, ақылы ауысқан… ойы ортайған… бір дем ары, бір дем бері болып жүріп айтқан сандырақ сөзі шығар деседі… Қаралы қағаздың кепиеті жел боп тиді ме деп болжайды. Д.Дос.