Posted in

БІР ЖАНЫП (ЫСЫП), БІР СУЫНДЫ

Қатты қобалжып, жүрегі алып ұшты. ~ Ол да түрегеліп, тізерлеп отырды. Тұла бойы қалтырап бір жанып, бір суынады. Дірілдеген саусақтары икемге келер емес. М.Қаб. ~ Мына бала жігіттің сөзі Еламанның өзін де үйіріп әкетті. Кеше жиырма алты жігіттің жау кескілеген қан–қан денесін көргенде де бұның тұла бойы дәл осылай бір ысып, бір суынып еді. Ә.Нұрп.