Posted in

БІР ЖОЛАТА (ЖОЛА)

Құлан таза, бүтіндей, ада-гүде, басыбайлы. ~ Тағы жұт қарыныңды томпайтпасам, Болмассың бір жолата шоңқайтпасам. Қыл көпір, тас таразы құрылғанда, Аузым жоқ әзір менің, сонда айтпасам! Шәк. ~ Мапуфаңның соңғы сөзінен, Елісхан қатты іш жиды. Қияс мінезі оны дағдарта бастады: “Өлсем де ол жағына беттемей өлем! Бір жолата құрықты қолына алса, қайырылып өзіме салмай ма?” – деп мойынды қашыққа салғысы келді. Т.Рыс. ~ Қызметкерлер қызды зынданға тастады. Сонан кейін Қытай өлкесі Ұжданнан бір жола босады… Шәк.