Posted in

БІР ҚАУЫМ

Бірер, азғана. * Оны қырылдата қылқындырып, талықсытып тастады да, табалдырықтың алдына көлденең сұлатып, кеудесіне мінді. Бір қауым асықпай отырып ентігін басты. Т.Рыс. ~ Мылтық даусы зор болса да бір-ақ адамға тиеді. Бұл зеңбірек емес. Ал келе жатқан қолдың зеңбірегі жоқ көрінеді. — Онысы дұрыс болған екен. — Карабін мен іштесердің оқталуының өзі бір қауым уақыт. Ал садақ дегеніңіз… І.Ес.