Posted in

БІР ПӘЛЕНІҢ ШЕТІН ШЫҒАРДЫ

Әлдебір залалды жағдайдан хабар берді. ~ Жұрт болғанда, бұл жолғы Тобықты тобын Оразекең бастап отыр! – деп, Абайдың ызасына тиетіндей, әдейі бір пәленің шетін шығара сөйлеп кетті. М.Әу. ~ Ойлағаны рас, Базаралының шын тағы бір айтпағы бар екен. Тары да Ырғызбайдың сотқарлары бұл жолы Шұбарды, Әзімбайды бір араға қосып және бір пәленің шетін шығарыпты. М.Әу. ~ Үкімет пен партия алдында Үлкен Кісіні тағы да ұятқа қалдырғалы отырсыңдар деп зіркілдеді де, сөзінің соңында басқармаға қатты шүйлікті. Осыдан жоспар орындалмаса, ісіңді бюрода қаратам деп бір пәленің шетін шығарып қойды. Басқарма үндемеді. Ә.Нұрп.