Posted in

БІР ТИЫНҒА КЕРЕК ЕМЕС (ТАТЫМАЙДЫ)

Еш құны жоқ, керексіз. ~ Сендердің таныстығың, жолдастығың бір тиынға керек емес. Біз ортақшылдармыз: бізде бауыр жоқ, бізде тура жол бар. Ондай жамандықтарың білінсе, тура атыласыңдар… Ж.Айм. ~ Тіпті ыза болғаным сондай, сол жерде бетіне былш еткізіп айттым да салдым: «Ендеше, сенің бір тиынға да керегің жоқ. Мен үйленгелі екі ай болды. Сен құр тұлыпқа мөңіреген сиырсың» деп. Ә.Нұрш. ~ Жаратқаннын әр бір нығметі сол болса керек, өкпеге ауа бармаса, бар тіршілік те, дүние байлығы да бір тиынға татымай, бір сәтке, сол бір жұтым ауа үшін, бар байлығыңды да бермекші боласың. АҚ “Күйген нан”.