Кіп-кішкене, болымсыз ғана. ~ Қарлығашым … қолғанатым менің, маған сендей ақылды, қамқоршы бір түйір қызды сыйға тартқан Жаратқанға мың шүкір, – деп еміренді. А.Әлт. ~ Бір түйір ірімшікті тауып алып, Ағашқа Қарға қонды ұшып барып. Тоқ санап ірімшікті көңіліне: Жей қоймай отыр еді ойға қалып. Қашаннан белгілі аңқау ала қарға! А.Байт. ~ Тап осылай, мырза, артық- кемі жоқ. Бір түйір өтірік қоссам, тәңір куә, оңбай кетейін. А.Смай.
