Posted in

БІР УЫС БОЛДЫ (ҚЫЛДЫ)

Кіп-кішкентай болып, жиырылып қалды. ~ Мана кешкісін Бұлыш есік алдыңда Балқияға әлдене дегені есіне түсті. Кең дүние, кенет, тарылып бір уыс болды. С.Елу. ~ Рас, теңіз бұрқанса, үстіңе қатер де, қаза да төнеді. Теңіз өкіреді, теңіз ұлиды; ол бет-жүзіңе қарамайды, апшыңды қуырады, қол-аяғыңды бір уыс қылады; ол теңіздің зорлығы. Ж.Айм. ~ Бұ қалай, батыр, ерік әліме қоймастан, аяқ-қолымды бір уыс қылып, бұрып алып, не пейім болды? Мені өлтірмей, жадағай тастап, кешу қылып, жол бердің. М-Ж. Көпеев.