Posted in

БІР ҰРТЫНДА БАЛ (МАЙ), БІР ҰРТЫНДА ЗӘР (ҚАН)

Алдап-сулап, болмаса қорқытып-үркітіп өз ырқына көндіретін залымдық туралы. * Бір ұртында бал, бір ұртында зәрі бар әккі болыстың бұлтағына енді көнгім келмеді. Б.Тоғ. * Әбен бір ұртында майы, бір ұртында қаны бар зұлымның өзі. С.Ом.