Posted in

БІР ШАЙНАМ

Ауызға бір саларлық қана; түкке жеткісіз, титтей. ~ Бұл көп болса дәмсіз болар ма еді, тіпті жаңағы шілдің бір шайнам етінен артық болмаса кем болмады, дейді Исахан,— деп Шұнақ енді өз жанынан сөз қоса сөйледі. Б.Қыд. ~ Жәміштің білегінен ұстай алып зірк етті: – Өй, есуас неме! Ми бар ма сенде өзі. Мына басыңда бір шайнам ақыл болса бұйырмасын. Неменеге апың кіріп, күпің шығып аптығып жүрсің. Қайда жібермексің Ақбөпені? C.Жүн.