Posted in

БІРГЕ ӨСІП, БІТЕ ҚАЙНАСТЫ

Бала кезінен қатар өсіп, қиыншылықты бірге көрген жақын дос, құрдас туралы. ~ Ол бала жастан бірге өсіп, біте қайнаған досым еді. Жалшылықтың зардабын екеуміз бірге тартқан ек. С.Мұқ. ~ Алғаш үйленген күндері келгіш еді, кейін пышақ кескендей тыйылды. Неге? Кейде жасымнан бірге өсіп, біте қайнасқан досым Қойлыбай үйін өзім іздеп барып та жүрдім. Б.Қыд. ~ Өздері бала жасынан бірге өсіп, біте қайнасқан адамдар еді. Бір күндері екі колхоз бастығы іріген сүттей бұзылып, аралары қым-қиғаш болды да кетті. Ғ.Сл.