Қашан болмаса да, әйтеуір бір кезде. ~ Екеуміздің осы жүргенімізді де көре алмайтын кісілер бар еді… Тек солардың табасына қаламыз ба, бірде болмаса бірде бетіңе салық қып, сүйегіңе таңба бола ма деп, артын ойлағанымыз болмаса…- деген сөзге әкеп тіреді. Ж.Айм. ~ Артқа бұрылмаңдар, қарақтарым… Дала толған — қорқау қасқырлар. Бірде болмаса бірде жазатайым кетесіңдер, – деп шал жан ашу айтты. Б.Тоғ. ~ Бірде болмаса бірде керек болар деп балам, осы әңгімені өзіңе де айтқым келіп отыр. Ә.Ысқ.
