Posted in

БІРДІ БІРГЕ ШАҒЫСТЫРДЫ (АТЫСТЫРДЫ)

Біреуді біреуге айдап салды, ел ішіне өсек таратып, сөз жүгіртті. ~ Ішегіне қыл айналмайтын қызғаншақ, өзім деп қана өмір сүретін эгоист, бірді- бірге шағыстырып, өсек айтпаса өлетіндей болатын пасықтарды кейбіреулердің жақсы көреріне таңым бар. О.Бөк. ~ Бұл өзі жеті атасынан бері уызы арылмаған, бағы таймаған, қолынан ұры кетпеген, бір жақсылық етпеген, басы сәждеге тимеген, жамандықтан басқаны сүймеген, бірді-бірге атыстырып, елін қан жылатумен шынжыр балақ, шұбар төс, қанды ауыз атанған бір жауыз еді. С.Торы.