Posted in

БІРЕУ (БІР) ДЕ БОЛСА БІРЕГЕЙ

Жалғыз болса да, елден ерек. ~ Солай. Əуезовті қайталау ешкімнің қолынан келмейді. Тек соған ұқсап қана ұстаз атын алып жүруге болады. Біреу де болса бірегей, тек Əуезовке ұқсас ұстазы бар институт, не университет қана білім-ілім-ғылым ордасы бола алады. З.Қаб. ~ Дәуір қанша шапшаң дамып, космостық жылдамдықпен зымырағанымен, біздер – сәулетшілер асықпауымыз керек еді- ау. Біреу болса да бірегей салсақ… О.Бөк. ~ Бүгін мен де Садыкемнің қойнықонышы толы сын-сықағына сыналап кірмей- ақ, … сатирасының бір де болса бірегей сипатын аңғартатын бірер сөз айтсам деп едім… З.Қаб.