Posted in

БІРЕУДІҢ (КІСІ) СЫРТЫНАН ТОН ПІШТІ

Сынап-мінеді; біреу жайында ұшқары пікір айтты. ~ Кім де болса көрер ме еді? Менен қай жері артық екен, а?.. Түу, қай-қайдағаны ойлағаным не? Анық-қанығына көзім жетпей тұрып, біреудің сыртынан тон пішкенім қай оңған іс дейсің!» Б.Тоғ.~ Сақтаған сияқты өзінше пысық, жеңіл, әрдайым өзгелерден озып жүргенді дұрыс көретін адамдар түбінде опа шектірмей кетуі мүмкін деп ойлайтын. Енді аңғарса, кісінің сыртынан тон пішуге болмайды екен. Б.Тоғ. ~ Ол қашан ауылға жеткенше үйге отыра алмай бір шығып, бір кіріп, сыртынан тон пішіп әбден мазасы кетеді. Ә.Кекілб.