Өзінікін місе тұтпай, жаман болса да, өзгеге қызығу, біреудікіне көз аларту туралы. ~ Әй, құдай-ай! Біреудің қаңсығы біреуге таңсық емес пе. Еркек шіркіннің қай оңғаны бар. Әйтпесе, сақалы тер сасыған кәрі софы жайлаған жұртта не қасиет қалды дейсің… Ә.Нұрп. ~ Сол сәттен бастап Сабыр бошалауды кілт тиды, Кәмәлияға жиіркене қарады, сөйлесуге сөзін қимады: “Мынандай жалпақ бас, мынандай жайылып жатқан іркілдек дене кімге керек болды екен, ә? Апырай, біреудің қаңсығы біреуге таңсық деген рас! Ә.Тар.
