Бір-біріне таң қала, көз алмай қарау. * Орақ қысылса да, келіншегінің сөзін қимады. Бұзауды босатып, енесінің бауырына салды. Келіншегіне қарады. Тотия оған қарады. Бірін- бірі жана көргендей. Ш.Мұр. * Көше жақ беттегі терезе тұсынан салт атты дүсірлей өтті де, іле қақпаның есігі сарт ете қалды. Бақан елеңдей серпілді. Екеуі бірін-бірі жаңа көргендей состиып тұр… М.Сүн.
