Posted in

БІРТАЛАЙ ЖЕРГЕ АПАРЫП ТАСТАДЫ

Әбден ұрысты; сықпырта тілдеді. * Дүзі қара, дүзі қара-ай! Бір сойқан ғып жүр екенсің ғой!.. Ойбай-ай! Енді қай жаққа барайын?.. Шашыңды бір талдап жұлайын!.. Пəлен-түген деп ұрсып, бірталай жерге апарып тастады. Күнікей апасының ызыңдап, құлағына маза бермесін сезді… Ж.Айм. * Осы елге неғып болыс болмай жүргенсің? – деді. – Əдірам қал! Тілінің ащысын жаман ш-ш-шіріктің! – деп Шекер тағы бірталай жерге апарып тастады. Ж.Айм. * Бізбен бірге барғаннан орыстың көшірі болғанды артық көргені. Одан басқа түк емес. Жайда аузымен орақ орып жүріп, осындай жерде жолынан тайып кеткеннен жек көрерім жоқ… – деп Жексен Қайырбекті бірталай жерге апарып тастады. Ж.Айм.