Күйі кетіп, өңі қашып, беті шаңыттанып, бет-түгі үрпиген адамның сипаты. ~ Өгізінен секіріп түсті. Қасыма келді. Үсті басы шоқпыт-шоқпыт. Түсі сүзектен тұрғандай. Боздағы шығып жақ жүні үрпиген. «Отыр», —дедім. Отырды. С.Сей. ~ Кешкілік көлеңкесін кеудесінен басқан елшіні қабылдады. Қабағы түсіп жағынан боздағы шығып әбден жүдепті. Қос тізерлей жүгіне кетіп қамшысын көлденең тастады. Д.Дос.
