Өңі қвшып, күйі кетті, бишара қалыпқа түсті. ~ Хан тағына отырғалы жаманын жасырып, жақсысын асырып, мейманасын тасытып қызмет қылған ханшаның иінінен сөгіліп, бой-бой болып егіліп отырысы мынау!.. Д.Дос. ~ Сәргердесі бүкшеңдеп басып ханшаның отауына бас сұқты, бой-бой болып бордай үгітіліп отырған ханшаны саусағымен іліп сыртқа шығарды. Д.Дос. ~ Мыңғырған малы бола тұрып астына тулақтан басқа салмай, бұтына киген дамбалы өрім-өрім боп жыртылғанша жаңартпай, үстіндегі тоны бой-бой боп сөгіліп қақырағанша ауыстырмай жүретін сараң, сасық байлардай емес, Тастанның үй, киім-кешек, жиһазы да бөлек. С.Жүн.
