а) Тынықты, көңіл сергітті. ~ Ел маужыраған. Елде ес жоқ. Ел мас. Маужыраған елдің ішіне кіріп не қыламыз? Ұйқымыз келер, басымыз ауырар. Ардақты оқушылармен бірге серуендеп, дөң басына шығып, бой көтерелік. Ж.Айм. ~ Үш жігіт атқа мініп, бой көтеріп келуге шықтық. Аттарымыз да сейдін, көңіл де сейдін. С.Сей. ~ Жігіттер демалыс күндерінде барақ тұрған жерге жақын шайханасы бар, кино, театры бар станцияға барып бой көтеріп, жергілікті жағдайға үйренсе бастады. С.Бег.
ә) Пайда болды, түрегелді, бойын көрсетті, бас көтерді. ~ Өкіл жолдас! — деп артқы қатардан Пахраддин бой көтерді. Басында құндыз бөрік, үстінде кең елтірі ішік. С.Елу.~ Осыдан біраз жыл бұрын осы даңғыл бойында әлгі ғимаратқа қарама-қарсы бетте әдемі бір үй бой көтеріп келе жатты. Ұмытпаса, он алты қабат болатын. Ш.Бейс.
