а) Біреудің (әлдененің) күшін, әділдігін мойындап, ырқына көнді, ықтиярына көшті, құлдық етті; тағдырға мойын ұсынды. ~ Әуелде ошарылған топта қобалжу мен тықыршу бар еді. Мына тұста бар сесінен айырылып, үнсіз бой ұсынған кейіп тауыпты. С.См. ~ Кейін жас ұлғая келе ерлі-зайыптылар біреуінің тілеуін бірі тілейтін күйге жетіп, тағдырға амалсыз бой ұсынған-ды. Қ.Жұм. ~ Арға тамған қылмыс кірін бұл қуаныш ешқашан да тазартып жуа алмайды. Оның емі басқа. Жүрек әміріне бой ұсыну керек. Т.Берд.
ә) Жан-тәнімен берілді. ~ Ымырт көрпесін үстіне тартып, жай созылған кең сахара бейбіт ұйқыға бой ұсынған шақ. С.Елу. ~ Жақындаған сайын ақ үйлер айбындап, қарашасы тұнжырап түн тыныштығына бой ұсына қалғыған. О.Бөк.
