Posted in

БОЙЫ БАЛҚЫДЫ

Жан-тәні рахат сезімге бөленіп, денесі маужырады. ~ Қараңды да таранды, Тамсанды да жаланды, Тыя алмады араңды. Сілекейі сорғалап, Шықты жылжып жорғалап, Болар¬-болмас жалады. Тағы татып қарады, Тәтті у бойға тарады, Бойы балқып барады. М.Жұм. ~ Түн ортасы кезінде үйге қайттық. Майдың түні маужырап бойды балқытып, мас қыларлық. Далада жүргің келеді; даланы кезіп, тәтті ауасын тойғанша жұтқың келеді… Б.Май. ~ «Тарт! Тарт!»- деп алағызып кейде шалқып, Күй тыңдап отырады бойы балқып. І.Жанс.