Бойы тік, серейген арық, қолы ұзын. ~ Осы институтқа аспирант болып келіп жиырма алты жасында диссертация қорғағанда бұл сол жұрттың сүйіктісі еді, еркесі еді: бойы сырықтай, қияқ мұрт, күлімкөз жігіт жада қауымға бірден сіңіп кеткен, сен кімсің, қайдан келдің деген ешкім болған жоқ … Ә.Тар. ~ Сол жыланқұрттай ирелеңдеген немені Жәкең несіне қорғап қалды десеңші! Егер анау сырықтай бойында адамдықтың титтей жұрнағы болса, кешегі күні Жәкең он күн бойы төсек тартып жатқанда көңілін сұрап, бір рет ат ізін салар еді-ау. Д.Әш. ~ Бойы сырықтай, қолы құрықтай, ұзын сирақ, өзі ап-арық болған соң “Антенна” аталып кеткен Тимофей – украин. С.Досан.
