Posted in

БОЙЫ ТҮРШІКТІ

Әлдебір жөнсіз іске сескеніп, бүкіл денесін үрей жайлады, денесі тітіркенді . ~ Шалдың сөзін үнсіз тыңдаған Ақан: – Е, қария, осы күнгі ағайынның достығынан, жын-шайтанның достығы артығырақ көрінеді, оларды ренжітіп қайда барам, – де қалжыңға аударған. – Көзім жын қаққан есалаң адамның көзі сияқты шығар, ә? — Қаншама қалжыңға басса да, осы сөзден соң серінің де бойы түршігіп, іштегі үрей үдей түскендей еді. С.Жүн.