Posted in

БОЙЫН (ӨЗІН) СЫРҒАҚ ҰСТАДЫ

Ешкімді өзіне тым жақындатпай, белгілі бір қашықтықта ұстау туралы. ~ Осы әдетті білетін Шепе Күнтайды «құрдас» деп тілін де, қолын да жұмсап қатты ойнап жүрді. Қалжыңның қандай түріне болса да «құрдастық болар» деп шыдайтын Күнтай бір сәтте арамдығын сезіп қалды да, бойын сырғақ ұстауға айналды. С.Мұқ. ~ Үлкен қара көзді, қоңқай әдемі мұрынды, қияғы ұзын мұрты мен иегіне шоқтала өскен сақалының түсі де шымқай қап-қара, сұр өңді Тілеміске Шыңғыс мұнша әдемі көрікті қимаған, оның үстіне, тықылдаған пысықтығын да ұнатпаған, егер елей қалса, үйреніп алғаннан кейін басынып кетер деген қауіппен, бойын сырғақ ұстаған. С.Мұқ. ~ Махаббат мәселесінде өзін Самарқаннан бұрын да сырғақ ұстайтын Айбарша, Дәулет майданға аттанғалы ол жөнде тіпті сырғақсып алды. С.Мұқ.