Жақындатпады, бойын аулақ салды. ~ Маған сен тағы да мұның ақылсыз, былық әйел екендігін айтқызба! Қой енді, таста мұны! Ақылды әйел Қажыбай сияқты маскүнем, надан, ақымақ, сотқарды бойына жуытар ма еді? С.Сей. ~ … “ой, азаматым, келдің бе?”– деп арсалаңдап, әлгі шекараның ресми салтын бұзып құшақтамақ болғанда, бұрынғы Әзім болғанда, сол арада түсі сұп-сұр боп суып сала берер еді-ау. Бойына жуытпай алара бір қарар еді ғой. Ә.Нұрп. ~ Бәкизат Қозы Қарынды итеріп жіберді. Оны сонан кейін бойына жолатқан жоқ. Бірде қатарласып, бірде бетпе-бет қарама-қарсы тұра қап, бірін-бірі қайрап жанып жүр. Ә.Нұрп. ~ Ақыры уәдесін берді. Бірақ бойына дарытпады, «асықпаңыз» деп қарыласып отырып алды. Ә.Нұрш.
