Түкке тұрғысыз, мән беруге татымайтын, жоқтан өзге нәрсе. ~ Осы мамамның не білгені бар?! Неге сонша ашуланшақ боп кетті? Мұңдай мінезі жоқ еді ғой?! Болар-болмас нәрсені сылтауратып, үй ішінің шаңын қағып-ақ жүргені. М.Мақ. ~ Бiрақ, қалай екенi белгiсiз тайынбай, жең сыбана сынға қатысуда. Әншейiнде болар-болмас нәрсеге қадалатын қазылар бұған көздерiн тас жұмып, қасақана ескермеген, елемеген сыңай танытады. Ә.Ыб. ~ Жапарлардың бiреуi оған сөйлесе көңiлiне ауыр алатын. Жақтырмай қалатын. Осыны бала неме арқалана ма, жөн-жосықсыз болар-болмас нәрсеге бұлқан-талқан тулайтын. Ә.Ыб.
