А) Өмірді керегінше көріп, жасарын жасап, асарын асап болған адам туралы. ~ Болары болып, бояуы сіңген бізді қайтесіңдер? О.Сәрс. ~ Ғашықтықтың аяғы жасықтыққа соққаны ма? Әлде жастары жетіп, болары болып, бояуы сіңген, тоқтаған шақтың нышаны ма бұл? С.Жүн. ~ Менің ғой, менің керегім жоқ, болары болып, бояуы сіңген адаммын. Төрімнен көрім жуық. Ғ.Біл
Ә) Өткен өмірде қияс басқан қадамыңды, білместікпен жасаған қателігіңді қанша өкінсең де енді түзете алмайсың, өткен іске өкінбе д.м. ~ Соны бiлетiндердi көрсем, мазақ етiп, іштерінен сақ-сақ күліп тұрғандай елестейдi. Амалым жоқ, болары болды, бояуы сіңді. Бірақ, көңіл жұбанар емес, қатты өкiнем. Енді өкінгенмен не пайда?!. Д.Рам. ~ Болары болып, бояуы сіңген соң, амал жоқ, елдің пыш-пышынан қашып, үйлендіргенмен, ағамның алдына шығып кетсем, кенжелік статусымнан айрылуым мүмкін. Бұл дегеніңіз – «өлдің, Мамай – қор болдыңның» кері. А.Нүс.
