Posted in

БОРДАЙ ЕЗДІ (ЕЗІЛДІ)

Билеп-төстеді, жаншыды. * Бодандықта үш жүз жыл бордай езді Аузы түкті сол кәпір жаулап алып! Е.Дүй.

Қайғыдан еңсесі түсіп, қиналды, жылап-сықтады, күйінді. ~ Сүлкейдің бордай езіле берген жан дүниесі қатайып, тоңази қалды. С.Елу. ~ Кездескен кедергіні тағдыр тепкісіне баласақ азаматпын деген жігерің қайда қалмақ. Болмашы нәрсеге, бордай езілудің пайдасы бар ма? Ә.Ысқ. ~ Қош, бабам! Қош! Қош! — деп көз жасын сыға отырып ахун аятын аяқтағанда, бордай езіліп отырған жұрт енселерін көтере алмай бірауық қыбырсыз қалды. С.Ел.