Posted in

БОРДАЙ СЫЗДЫ

Түнгі аспанда ақ ізін қалдырып, ағып түскен жұлдыздар туралы. ~ Анандайда, түннiң қара тақтасын бордай сызып үздiк-создық екi жарық жаңағы өзi келген жаққа қарай ағып барады – тағы да Алаңға барғандарды тоғытып әкеле жатқан шығар. Т.Сәу. ~ Iргедегi үңiрейген тауға басын сүйеп қалғыған қара түн күрсiне мұңайды. Қалтыраған суық аспанның қара тақтасын бордай сызып, жұлдыз ақты. Т.Сәу. ~ Мың-сан шырағы жарқыраған тылсым түннің не сиқыры бар? Әне, аспанның көк шынысын бордай сызып бір жұлдыз ағып түсті. Т.Сәу.