Талапсыз, самарқау, қарын тоқтығын ғана ойлайтын жан.
~ Қазір білімсіз жастар өсіп жатыр. Бұл – өте қауіпті құбылыс. Ол бос кеуделерді басқа ағымдар пайдаланып, солар жұмыртқасын салып жатыр. Н.Нүс. ~ Бірақ Балауса өкініші оның ішкі толқыныстарының сыңайына қарағанда бас уайымы басқада. Сүйіп қосылған күйеуі тым селқос, самарқау, бос кеуде. Ш.Ел. ~ Талапсыз, ойсыз бос кеуде, Ермегің елден ет жеуде, Ұялар бірақ кет деуге. С.Бег.
