а) Әлжуаз, аяғын нық баспайтын осал адам д.м. ~ Піриомы біткен жоқ, дегенмен, арық бота тірсек сары ушителге бардым. – Орын жоқ. Ж.Айм. ~ Тұрысбектің мұнда келісі де тегін емес. Әншейінде мұнын айбатынан ығып, маңайын баса алмайтын бота тірсек төренің бұл қай басынғаны? Қ.Жұм. ~ Қолыма үш-төрт парақ қағазды ұстатты да бота тірсек стиляга шығып жүре берді. Жөнін айтқан жоқ, қағазды да жөндеп ұстатқан жоқ. Қ.Ысқ.
ә) Жүйрік ат, сәйгүлік тұлпардың теңеуі. ~ Бұлардың мінгендері жал-құйрығы түйілген қамыс құлақ, бөкен сан жүйрік, не болмаса құлан қандас бота тірсек сүліктен жаратылған будан. І.Ес. ~ Бұлардың мінгендері жал-құйрығы түйілген қамыс құлақ, бөкен сан жүйрік, не болмаса құлан қандас бота тірсек сүліктен жаратылған будан. С.Мұр.
