Posted in

БОТАДАЙ БОЗДАДЫ

Зар жылады, көз жасын тия алмады. ~ Атынан түсіп, тайдың тізгінін ұстады. Домалай түскен Шәріпхан ботадай боздап, әкесін бас салып, күпісінің өңіріне тұмсығын тығып, сөзін айта алмай өксіп-өксіп кемсеңдейді. Ж.Шәк. ~ Сонда ғой, Әнбияның ауғын мұжық ауласының сыртында Аллаға жалбарынып, жер құшақтаған бетінде ботадай боздағаны, сонда ғой Әнбияның көмір қара сақалы бір сапардың үстінде бурылдап қайтқаны. Ғ.Біл. ~ «Айналайын… өлім мен өрт ішінен шығып, ел шетіне аяқ басқан күні өзіңді кездестіріп отырмын… Өзім күлгенмен, жаным ботадай боздап отыр… Сәл тізе бүк!..» — деді. С.Елу. ~ Жұмекен… әдебиет түгіл, бір-бір елдің патшасы болуға лайық арыстарынан айырылып, ботадай боздап, жаны жазылмастай жараланған халықтың ұлы болды. А. Кеңш. ~ Менің әжем Әбдірахман үшін ботадай боздап жылап жүргенде, айызы қанған адамша табалап насаттанып тұрғандары болды… Б.Май.