Posted in

БӨКСЕ БАСТЫ БОЛДЫ (ҚЫЛДЫ)

Қарекет етпей, өзін-өзі тежеді, әлденеден сақтанды. ~ Базаралы бұны естiгенде қатты күйiп, намыстан өртенгендей болды. – Беделсiз би, қайрымсыз қара бауырлар, өңшең. Сендерге сенем деп бөксе басты болармын ба? М.Әу. ~ — Қадалған жерінен қан алмай тыйылмайтын дерт қой бұл. Ырғасамын, арбасамын деп созалаңдауға болмас. Елді бөксе басты қылып алармыз. “Бермеймізге” бекінсек, бұған бермейміңді ашып айту керек те, елге “қамдан” деп жар шашу керек – … деді. М.Әу. ~ Ана Жебірбайдың баласы албанды сауып, осы жаздың өзінде қоралы қой жиып алып отырған жоқ па? Орыстың сорпасын ішкен қазақ оңып па еді? Тек елді азғырып, бөксе басты қылмасын де!.. М.Әу. ~ Үйелеген малдай тыпырлап, тоңқаңдап орнынан тұра алмай жатқан баласын көріп, әлі де сынын бермеген әдемі қылықпен сынғырлай күлді. – Ұлым-ау, екі жастың біріне келмей бөксе басты болып қалғаның ба? О.Бөк. ~ Қазір өмірдің бетіне тік қарағандардың заманы. Қарағайдың қарсы біткен бұтағы болмасаң, бөксе басты жалтақ күй кешесің. О.Бөк.