Posted in

БӨРІЛІ БАЙРАҚ

Түркі жұртының ежелгі туы, алтын басты қасқыр бейнеленген байрақ. ~ … ұлын құл, қызын күң етпек болып қан төгіске ұмтылған қас дұшпандарына қарсы күндей күркіреген бөрілі байрақтарын көтеріп шығып, батырлық пен ерліктің сан үлгісін жаратқан, қынадай қырылып жатса да бас имеген, қылыш-найзасы, балта-шоқпары қолынан түспеген қайран айбатты бабалар-ай! Ғ.Біл. ~ Ауылда шал-кемпірден естігелі, әсіресе аталарымыз Қазыбек, Қастек, Наурызбай, Қасқары, Қарасай, Сұраншы, Саурық қазақ елінің қасаласқан қас дұшпанына бөрілі байрақ ұстап аттанған, жау түсірген дегенді білгелі балалар қасқыр басының бейнесіне қатты көңіл бөлетін болған. Б.Қыд.