Posted in

БӨРКІН АСПАНҒА ЛАҚТЫРДЫ (ТАСТАДЫ)

Қатты қуанудың, шаттанудың ишарасы. ~ Орыстар қаладан егінге, шөпке, тоғанға, малға, жолға ылғи жасақпен көптесіп жүруші еді. Сондықтан Қытайдан мына бөлініп шыққан тараншы, дүңген сықылды жерге еңбек сіңіретін халықтарға орыс бөркін аспанға тастап қарсы алды. І.Жан. ~ Иман алысқа барып түскен бөркін алды да, енді аспанға өзі лақтырды: – Ғайниза жеңгей, сүйінші!.. Сүйінші!-деп бар дауысымен айдалаға айғай салды. Ә.Әб.