Орайсыз пікір, өсек; артық әңгіме; ұнамсыз кеп. ~ Ақ сауыт сонда сөйлейді: «Батыр Сайын, қорықпашы! Бөтен сөзді айтпашы! Қатарланған қамалды, Бұза алмасаң, саған серт! Тоқсан қабат оқ жетсе, Оқ өткізсем, маған серт!» А.Байт. (“Ер Сайын”) ~ (Ақбілек) ақырында: ” Өз ындының солай болса, оныңа мен де бөтен сөз айта алмаймын. Жалғыз-ақ дос бар еді, дұспан бар еді, құрбы-құрдас бар еді. Екеуміздің осы жүргенімізді де көре алмайтын кісілер бар еді… Тек солардың табасына қаламыз ба, бірде болмаса бірде бетіңе салық қып, сүйегіңе таңба бола ма деп, артын ойлағанымыз болмаса…” — деген сөзге әкеп тіреді. Ж.Айм.
