Қызығы өтті, желігі басылды. ~ Әлде ертең ауылыма кетіп қалып, сайлаудың буы басылғанша сонда тырп етпей жатсам ба?.. Бірақ президент мырза тізіміне бір іліктірген кісіні Қазақстанның қай түкпірінен болсын тапқызып алады. Ғ.Қаб. ~ Осы құбылысты күткен Саттар, безектеп тұрған телефон трубкасын еппен құлағына жақындатпай көтерген– ді. Өйткені осыдан аз ғана бұрын, бұл ауылда жүргенде болған қала жаңалығын бір досы хабарлап, ыстық буы басылмаған жада өсектің басты кейіпкері болуымен «құттықтаған». С.Ел.
