Posted in

БУЫНҒА ТҮСТІ

Елжіретті; балқытты, сөзін өткізді. * Содан кейiн орайын келтiрiп жиi кездесiп тұруға тырысатын. Жайдары, ашық мiнез. Бетiн қайтарып көрген емес. Бұл да буынға түсiп, қалай сөйлеудi бiледi ғой. Екеуi тез тiл табысып кеткен. Т.Сәук. * «Жай ма? Жұмысың тыныш па?»—қандай рақат, қандай жақсы!.. Осы сөздердің буы буынға түсіп, тарағанша бақырайып отырды да, бір мезетте аспаннан түскендей дүңк етті. — Жинал! М.Қаб.